Алматы қаласының Қоғамдық кеңесіне 37 адам мүшелікке қабылданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қоғамдық кеңеске үміткерлерді қабылдаумен айналысатын жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Айта кету керек, жылдың басында Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу үшін 27 адамнан тұратын арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.

Аталған жұмыс тобы 12 ақпан-2 наурыз аралығында Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялады.

Нәтижесінде 178 өтінім келіп түсті. Олардың 35,9%-ы әйел, 64,1%-ы ер адам.

«Алғашқы отырыс барысында Қоғамдық кеңеске 37 адам қабылданатын туралы айтылған болатын. Заңға сәйкес олардың 2/3-сі азаматтық қоғамның өкілдері болуы тиіс. Осылайша 31 адам азаматтық қоғамнан енді. Конкурстан тыс мемлекеттік органнан 6 адам қабылданатын болды», - деді мәслихат депутаты Қалдыбай Қазанбаев.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 31 адам Қоғамдық кеңеске іріктеліп алынды. Сондай-ақ, оған мәслихат хатшысы, білім беру және денсаулық, жастар саясаты басқармаларының басшылары барлығы 37 адам қабылданды.

Соңғы жаңалықтар