Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.79 eur/kzt 490.51

    rub/kzt 6.02 cny/kzt 66.91
Ауа райы:
Астана-5-7℃
  Jańalyqtar  >

Алматы қаласының дизайн-код жобасы көктемде таныстырылады - әкім

2023 жылғы 26 қаңтар, 12:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғынының ескі үйлердің қасбеттерін безендіруге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, бүгінде Алматы қаласының дизайн-код жобасы әзірленіп жатыр.

«Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасына мурал салуға рұқсат етіледі, аудан әкімдіктері көмектесу үшін тағы біраз эстетикаға мүмкіндік береміз. Сондай-ақ бізге көпқабатты пәтер иелерінің кооперативі, меншік иелерінің бірлестігі және қарапайым серіктестіктің қолдауы қажет болады. Көктемде қаланың дизайн- код жобасын таныстырамыз деп ойлаймын», - деді әкім.

Былтыр жаз айында Алматы қаласына қатысты түзетулер бойынша қала құрылысы кеңесін енгізу және қаланың дизайн-кодын қабылдау ұсынылды.

Бұл мегаполис проблемаларын шешу әрі қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша келісілген қала құрылысы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірыңғай сәулеттік келбет беруді қамтамасыз етеді.

Алматы қаласының дизайн-код жобасын 2021 жылы қабылдау жоспарланған болатын.


Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары