+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі науқастарды қабылдауға дайын - Бақытжан Сағынтаев

2020 жылғы 3 желтоқсан 16:12
Бөлісіңіз:
Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі науқастарды қабылдауға дайын - Бақытжан Сағынтаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық денсаулық сақтау жүйесі коронавирусқа қатысты жағдай нашарлаған жағдайда науқастарды қабылдауға дайын деп сендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында 9 мыңға жуық медицина маманына вакцина салынады Павлодарда Covid-19-ға қарсы жедел штабтың отырысы өтті Денсаулық министрлігі вакцинация кезінде «чиптеу» туралы айтты

«Жалпы алғанда, қаланың барлық емдеу мекемелерінде төсек-орын жеткілікті. Бүгінгі күні қосымша 7 мыңнан астам орын дайындалды, 5 мыңнан астам төсек–орын резервте тұр. Бүгінгі күні оның 34%-ы ғана бос емес. 255 реанимациялық төсек бар. Қазір оның 60-тан астамы қолданыста. Қалғаны резервте. Дәрі-дәрмекте жетеді», - деді шаһар басшысы Almaty Invest форумында.

Сондай-ақ, ол заманауи әрі сапалы медициналық құрал-жабдықтардың сатып алынғанын тілге тиек етті. Медициналық персоналдың кадрлық резерві 2 мыңнан астам адамды құрайды.

«Егер жағдай қиындаса, қаланың денсаулық сақтау жүйесі науқастарды қабылдауға дайын деп сендіре аламын», - деді әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT