Алматы қаласының цифрлық егізі құрылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ведомстволық бағынысты компаниялар мен мемлекеттік органдар арасында коммуникацияны арттыру үшін бірыңғай платформада қаланың цифрлық егізі құрылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматының цифрлық егізіне көлік, экономикалық, экологиялық және құрылыс деректері енгізілетін болады. Сондай-ақ, үлкен деректерді талдау негізінде қаланы дамыту сценарийінің функционалы бар платформаланы енгізу жоспарлануда.

«Бұл халықтың қалалық инфрақұрылым объектілеріне қажеттілігін болжауға және жалпы қаланы басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2030 жылға дейін қалалық қызметтің барлық сервисі онлайн және смартфон арқылы қолжетімді болады. Бұл ретте қала тұрғындары барлық ұсынылған қызметтерді тікелей бағалай алады», - деді Алматы әкімі.

Еске салайық, Ерболат Досаев бүгін Алматыда тағы үш метро станциясы салынатынын және қаланың шеткі аймағында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар