Алматы қаласының Бостандық ауданына жаңа прокурор келді
2022 жылғы 8 тамыз 00:05

Алматы қаласының Бостандық ауданына жаңа прокурор келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бас прокурордың бұйрығымен Алматы қаласының Бостандық ауданының прокуроры болып Жакупов Асхат Нұрсерікұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бостандық ауданы прокуратурасының мәліметінше, Асхат Жакупов прокуратура еңбек жолын 1999 жылы Алматы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары Медеу, Жетісу аудандары прокурорларының көмекшісі және аға көмекшісі, Алматы қалалық прокуратура басқармасының прокуроры, Медеу және Түрксіб аудандары прокурорының орынбасары, Алматы қалалық прокуратура басқармасы бастығының орынбасары, бастығы болып қызмет еткен.

2019 жылдан бүгінге дейін Алматы қаласының Медеу ауданының прокуроры болып келді.

Прокуратура органдарында 23 жылдан артық еңбек өтілі бар.

Сыныптық шені - аға әділет кеңесшісі.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT