Алматы қаласының бірқатар шағынаудандары бір күнге суық судан ажыратылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 маусымда түнгі сағат түнгі 01:00-ден сағат 22:00-ге дейін бірқатар шағын аудандардың аумақтарында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған аудандар қатарында Ақсай-4, Ақсай-5, Достық, Жетісу-1, Жетісу-2, Жетісу-3, Жетісу-4, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-4, Мамыр-5, Мамыр-6, Мамыр-7 шағынаудандары бар.

«Алматы қаласы Әуезов ауданын сумен қамтамасыз ету желілеріндегі технологиялық құрылғыларды ауыстыру мақсатында, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін, суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,-делінген «Алматы су» МКК таратқан ақпаратта.



Соңғы жаңалықтар