Алматы қаласының автобус паркі газбен жүретін 100 жаңа көлікпен толықты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №2 коммуналдық автопаркі газбен жүретін 100 жаңа автобуспен толықты. Жаңа қоғамдық көліктердің тұсауын кесу шарасына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

«Бұл экологиялық тұрғыдан таза автобустардың Алматыға әкелініп жатқан үшінші партиясы. Қазіргі таңда троллейбус пен трамвайларды қосқанда, қаланың автопарктерінде газбен жүретін 850 қоғамдық көлік бар. Бұл есептеп келгенде, қаладағы барлық қоғамдық көліктердің тең 70 пайызын құрайды», - деді А.Есімов.

Оның айтуынша, қалада қоғамдық көлікті пайдаланатын адамдардың саны артып келеді. 2014 жылы 260 млн. жолаушы тасымалданған, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 12 пайызға артық.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматыэлектротранс» ЖШС №2 муниципалды автобус паркі Мемлекет басшысының идеясымен құрылды.

Кәсіпорын жанынан 120 көлік жүргізушісіне арналған жатақхана ашылған.

Соңғы жаңалықтар