Алматы қаласының әкімі А.Есімов мектепке дейінгі мекемелерді аралады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаладағы мектепке дейінгі білім беру нысандарын аралады.

Атап айтқанда, қала басшысы Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданында орналасқан 120 орындық №95 балабақша мен мегаполистің Медеу ауданынның аумағындағы 120 орындық №124 арнайы (коррекциялық) бөбекжайында болды.

Әкім мектеп жасына дейінгі білім берудің вариативті түрін құрудың маңыздылығын атап өтті. Тәулік бойын жұмыс істейтін коррекциялық мекемелерді толықтай жергілікті бюджет қаржыландырады. Бұларда 2-7 жас аралығындағы көзі нашар көретін және тілі мүкіс балалар тегін білім алады. Кішкентай кезінен ем алған мұндай балалардың 70 пайызының көруі мен сөйлеу мәнері қалыпқа келетіндігі анықталған. Қазіргі кезде Алматыда мектеп жасына дейінгі 9 коррекциялық балалар мекемелері жұмыс істейді.

Қала әкімі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыруы бойынша балаларға мектеп жасына дейінгі білім беруге айрықша назар аударылатындығын атап өтті.

Былтыр жарияланған «Білім жылы» аясында 480 орынға арналған 4 жаңа балабақша салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Саялы» шағынауданында жалғыз басты аналар мен кезектесіп жұмыс істейтін ата-аналарды қолдау мақсатында қалада тұңғыш рет бес күн ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін 320 орындық балабақша мен «Үміт үйінде» арнайы топтар ашылды. Нәтижесінде, өткен жылы 800 орындық 5 балабақша іске қосылды.

Әкім бұл бағыттағы жұмыстардың одан әрі жалғасатынын атап өтті.

«Қазіргі кезде 17 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр, оның 6-уы республикалық бюджеттің, ал қалған 11-і жергілікті бюджеттің есебінен салынуда, соның ішінде 5 балабақша бүгін ашылып отыр», - деді Ахметжан Есімов.

Айта кетейік, Алматыда соңғы алты жыл ішінде 30 жаңа балабақша ашылды, жалға алғандардың меншігінде болған 7 нысан қайтарып алынды.

Соңғы жаңалықтар