Алматы қаласының әкімдігі жаңа инновациялық кластердің құрылысын 2016 жылы аяқтауды жоспарлап отыр - Әсет Исекешев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен инновациялық форум барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мемлекет басшысына Алматыдағы инновациялық кластердің дамуы жайлы баяндады. Форумды Инвестициялар және даму министрлігі ұйымдастырды.

Оның айтуынша, жаңа кластер «Алатау» арнайы экономикалық аймағының базасында құрылады.

«Джуронг» компаниясының әдістемелік қолдауының арқасында кластер дамуының 3 бағытын қарастырып отырмыз: hi-tech машина жасау, инфракоммуникациялық технологиялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық әзірлеме. Оны біз шартты түрде «Tech Garden» - жас инновациялық компаниялар өсіп шығатын Технологиялар бақшасы» деп атап отырмыз», - деді министр.

Алматы қаласының әкімдігі жаңа инновациялық кластердің құрылысын 2016 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

«Кластер негізінде ашылған жобаларды қаржыландыру автономды кластерлік қордың тетігі арқылы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, жұмыс жасап жатқан инфрақұрылым максималды түрде іске тартылады.

Министрдің пікірінше, маңызды инновациялық кластердің Алматы қаласында орналасуының өз заңдылығы бар. Оңтүстік Астанада 58 ЖОО-да 187 мың студент білім алуда. Мұнда 67 Ғылыми зерттеу институттарында ғалымдардың 40 пайызы, 20 трансұлттық компаниялар мен ондаған венчурлық компаниялар шоғырланған.

Соңғы жаңалықтар