Алматы қаласының 7 ауданы Наурыз мейрамына қызу дайындық үстінде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақтың төл мейрамы Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласының 7 ауданында түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылмақ.

Басты шаралар Республика алаңында өткізілетін болды. 22-наурызда мұнда эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт, «Алмалы КZ» балалар шығармашылығы байқауы өтеді.

Кешке қарай өнерсүйер қауым танымал эстрадалық топ JCS пен «Nomad» каскадерларының өнерін тамашалай алады.

21 наурызда Алатау ауданының ғимараты алдында театрландырылған қойылымдар қойылса, Алмалы ауданында түрлі жәрмеңкелер мен ұлттық тағам түрлері тегін таратылады. Келушілерге арнап бауырсақ пен палау, Наурыз-көже әзірленеді.

Сондай-ақ, мұнда қала тұрғындары асық ату, казакша күрес, арқан тарту, қол күресі, тымақ ұру, жалтартыс сынды ұлттық ойындарына қатыса алады.

Сайқымазақтардың қатысуымен өтетін балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, қолөнер туындыларының көрмесі қаланың Жетісу, Түрксіб аудандарында да ұйымдастырылмақ.

22-наурызда Медеу ауданы аймағында Республика сарайы алдында Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі концерт қояды деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар