Алматы қаласындағы екі ауданда суық су беру тоқтатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында екі аудандағы ғимараттардың бір бөлігі уақытша суық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 маусым күні сағат 9-24 аралығында қаладағы М.Әуезов ауданының аумағында орналасқан Науаи-Т.Рысқұлбеков-Ж.Саин-О.Жандосов, Ж.Саин-О.Жандосов-Ясауи-Шаляпин көшелері қиылысындағы үйлерде, сондай-ақ Алмас, Астана, Атамекен, Достық, Дубок, Қуаныш, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-3, Мамыр-4, Мамыр-5, Мамыр-7, Таугүл, Таугүл-1, Таугүл-2, Тепличный, Школьник шағындаудандарында, Бостандық ауданы аумағынң Хан тәңірі шағынауданында және Ә.Кекілбаев (бұрынғы Каблуков) көшесінде суық су берілмейді. Бұдан басқа, Розыбақиев-Әл Фараби-Науаи-О.Жандосов-Тимирязев көшелерінде су қысымы азаюы мүмкін.

«Қаланың аталған секторларына суық су жіберілуін шектеу су өткізу желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмысына байланысты енгізіліп отыр», - деп хабарлады «Алматы су» РМК-дан.


Соңғы жаңалықтар