Алматы қаласында жоғалып кеткен ер адамның денесі Өскемендегі орманнан табылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында жоғалып кеткен ер адамның денесі Өскемендегі орманнан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда тұратын 32 жастағы ер адам өткен жылдың 13 наурызында жоғалды. Сағат 6:30 шамасында Райымбек даңғылында жұмыстан шығып үйіне қарай кеткен ол сол уақыттан бері із-түзсіз кеткен.

Туыстарының арызынан соң тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кірісті. Оларға еріктілер де атсалысқан. Алайда азаматты табу мүмкін болмады.

«Ер адамның денесі Өскемен іргесіндегі орманнан табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалған. Өлімнің нақты себебі содан кейін белгілі болады», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар