Алматы қаласында бірінші Томосинтез орталығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматда томосинтез орталығы ашылды. Бұл жоба ҚР ДСМ «Қазақ онкология және радиология» ғылыми-зерттеу институттымен бірлесіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа Divera томосинтез орталығы ең заманауи Fujifilm Amulet Innovality аппаратымен жабдықталған және қазіргі уақытта Алматы қаласында жалғыз томосинтез орталығы. Орталықты құру және оны жабдықтау толығымен жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды.

«Томосинтез – сүт безі обырын (СБО) диагностикалаудың инновациялық әдісі. Қалыпты 2D-маммографиядан айырмашылығы, томосинтез әр түрлі бұрыштағы жұқа қабатты суреттер шығарады, бұл сүт безі обырын ерте кезеңдерде жоғары және дәл анықтауға және пациенттердің өмірін сақтауға мүмкіндік береді», - дейді «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова.

Оның айтуынша, бұл аппараттың маммографиядан артықшылығы – 1 мм өлшемде, яғни миллиметрлеп сүт безі обырын анықтайды. Және томосинтезге түсіріп жатқан кезде биопсияны да қоса жүргізуге мүмкіндік бар. Бұрын маммограф сүт безі обырының белгілері болса науқастың бұлшық етін алу үшін емханаларға, хирургке жіберетін. Енді қазір қажет болған жағдайда диагностикамен биопсия да қоса жасалады.

Томосинтездің көмегімен СБО диагностикалау әдістері Еуропада, АҚШ-та, Кореяда және Жапонияда нәтижелі қолданылады.

Сүт безі обыры – әлемде ең кең тараған қатерлі ауру және әйелдер арасындағы өлім-жітімге себепші болады. Қазақстанда сүт безі обыры әйелдердің онкологиялық аурушаңдығы құрылымында бірінші орында тұр.

Ісікалды және ісік патологияларын ерте анықтауға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін скрининг, емдік тактиканы уақтылы диагностикалау және стандарттау елімізде сүт безі обырынан өлім-жітім деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар