Алматы қаласында ауданы 167 гектар 173 учаске тәркіленді – Бас прокуратура

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы қаласында ауданы 167 гектар 173 учаске тәркіленді. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті прокуратура органдарының жұмысының нəтижесінде ауданы 167 гектар (кадастрлық құны 10 млрд теңге) 173 учаскені тəркіледі. Ден қою іс-шаралары бойынша уəкілетті органдардың алдында ауданы 6,05 гектар жерді қайтару туралы сотқа 40 талап беруге бастамашылық жасалды. 750 учаске (1,1 мың гектар) бойынша тексеру іс-шаралары жалғасуда», - деп атап өтеді Бас прокурор жауабында.

Оның айтуынша, прокуратура органдарының астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне облыс орталықтарының нүктелік құрылысына қатысты тексерулер қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар ұсыныс берген.

«Бас прокуратураның тексеру қорытындысы бойынша Үкіметке қала құрылысын бақылау жүйесін күшейту, атап айтқанда, құрылыс процестерінің ашықтығын белгілеу мақсатында жер учаскесін алған сəттен бастап объектіні пайдалануға бергенге дейінгі барлық рəсімді бақылау жəне келісу бойынша «бірыңғай терезе» әзірлеу; санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жəне төтенше жағдайлар органдарына қала құрылысы құжаттарын келісу құзыретін беру; қала құрылысы кодексінің жобасында тұрғын үйлерді салу жəне пайдалану, оның ішінде көгалдандыру үшін жеткілікті жер учаскесі болмаған кезде оларға рұқсат беру құжаттамасын беруге тікелей тыйым салуды көздеу жөнінде ұсыныстарымен заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша Үкімет бұзушылықтарды жою бойынша жол картасын əзірледі. Бас прокуратураның ұсыныстары қолдау тапты», - деді Берік Асылов.


Соңғы жаңалықтар