+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы қаласына облыс тұрғындары қашан кіре алады

2020 жылғы 2 сәуір 16:46
Бөлісіңіз:
Алматы қаласына облыс тұрғындары қашан кіре алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Облыстағылар Алматыға тек карантин біткен соң ғана кіре алады. Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда карантин кезінде той жасалған Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр – полиция Алматыда үй карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынды

«Облыстағылар қалаға карантин режімі аяқталғаннан кейін ғана кіре алады. Оның қашан аяқталатынын ешкім білмейді. Өкінішке орай, қазір еліміздің барлық өңірінде коронавирус індетін жұқтырғандар саны өсіп келеді. Олардың қатарында Алматыда бар. Сондықтан нақты айта алмаймыз», - дейді Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Сондай-ақ, ол Алматыда еліміздің басқа өңірінен келіп жұмыс істеп жатқан адамдардың кетуге мәжібүр болғанын айтты.

«Көптеген азамат Алматыда жұмыс істеп, күнелтіп жүрді. Өздеріңіз білесіздер Мемлекет басшысы табысынан айырылған адамдардың барлығына көмек көрсетуді тапсырды. Бұл 3 миллионнан астам адам. Олардың барлығына бір реттік көмек көрсетіледі. Көптеген кәсіпорындар үшін жеңілдіктер қарастырылды. Бұл шаралардың барлығы тұрақтылықты сақтау үшін жасалды. Менің ойымша, біз бұл сынақты бірге өтеміз және бізде бәрі жақсы болады», дейді Ерлан Қожағапанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT