Алматы қаласына кіру үшін тұрғындар қалай тексеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 11 мамырда Алматы облысының бірқатар тұрғындарына Алматы қаласына кіруге рұқсат беріледі. Олар коронавирусқа ПТР тест тапсыруы тиіс. Бірақ, зертханалардың көпшілігі қала аумағында орналасқан.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин облыс тұрғындарының ПТР тест тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысында зертхана жоқ деп айтуға болмайды. Онда бір стационарлық және бір көшпелі зертхана бар. Бірақ, адам саны көп боландықтан, ұзын-сонар кезек пайда болуы мүмкін. Сондықтан, фильтр, экспресс-диагностика сынды одан да тиімді шаралар жасалады деп ойлаймын. Әзірге блокпосттар мен қашықтан қызу өлшеу, сауалнама әдістері қарастырылған», - деді Жандарбек Бекшин Алматы телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын күту қажет.

«Қазір ешқандай өңірге, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтанға кіруге рұқсат жоқ. Көптеген адамдар қалаға оралып, жұмыс орындарына оралғысы келеді. Бірақ, зертханалар мұндай көп адамға 2-3 күнде нәтижесі шығатын тексеру жүргізе алмайды», - деді Ж. Бекшин.

Сондай-ақ, санитарлық дәрігер мобильді ПТР-зертханалар жұмысын жолға қою керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар