Алматы қаласы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 31 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

31 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 30 қаңтардағы көрсеткіштен аса өзгерген жоқ.

Әлі де Қазақстанның 5 облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары.

Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Алматы қаласы «жасыл» аймаққа ауысты.

Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.

Соңғы жаңалықтар