Алматы қаласы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігімен келісе отырып, генерал-майор Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырды.

Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді.

Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментін басқарды.

Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов болған.

Ол ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Фото:Алматы облысының Полиция департаменті


Соңғы жаңалықтар