Алматы қаласы мәслихатына Respublica партиясынан 5 депутат сайланды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Respublica партиясынан Алматы мәслихатына депутат болғандардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Respublica партиясының тең төрағасы Бейбіт Әлібеков партиялық тізім бойынша Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың атын атады:

1. Руслан Ыдырысов – кәсіпкер, «Global Foods» ЖШС құрылтайшысы

2. Салтанат Серікова – «Esentai Offices» ЖШС бас директоры

3. Жалынбек Жайнарбай – «SignTech» ЖШС құрылтайшысы және директоры

Сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатына бір мандатты округтер бойынша Respublica партиясынан 2 депутат сайланды:

1. Әкім Тұрсынов – «Тоғызқұмалақ Алматы» қоғамдық бірлестік президенті

2. Қайрат Бегалин – «Ukids» ЖШС директоры

Еске салайық, Алматы қаласы мәслихаты сайлауының қорытындыларына сәйкес партиялық тізімдер бойынша «Respublica» партиясы сайлаушылардың 13,15 % дауысына ие болып, 3 мандат алған болатын.

Бұған дейін Алматы мәслихатына AMANAT партиясынан сайланған депутаттардың тізімі бекітілгені туралы жазған едік.


Соңғы жаңалықтар