Алматы қаласы мәслихатына партиялардан қанша адам бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова қаладағы мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласында 39 мәслихат депутатының орнына осы партиялардың ішінен төртеуі кірді. Nur Otan партиясынан 29 орын, Қазақстанның «Aқ жол» демократиялық партиясынан 4 орын, «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясынан 3 орын, Қазақстан Халық партиясынан 3 орын белгіленді», - деді Жанна Асанова.

Айта кетейік, Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 5 саяси партиядан 118 кандидатты тіркеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Орталық сайлау комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына 31 мандат қамтылғаны айтылды.



Соңғы жаңалықтар