Алматы қаласы коронавирус вакцинасын алғандар бойынша алдыңғы орында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның толық курсын 6,9 млн адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1-ші компонентпен 7 859 131 адам егілсе, 2-ші компонентті 6 901 313 адам алды.

Вакцинаның екі компонентін толық алған тұрғындар бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы тұр – 896 069. Одан кейінгі орындарда: Түркістан облысы – 791 298, Алматы облысы – 688 357, Шығыс Қазақстан облысы – 650 227, Қарағанды облысы – 476 691 орналасқан.


Соңғы жаңалықтар