Алматы қаласы халықаралық туристік қауымдастыққа кірді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы ICCA халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының мүшесі болды (International Congress & Convention Association), деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандардың айтуынша, ICCA-ға мүшелік Алматыдағы MICE-туризмді (іскерлік) халықаралық аренада дамыту жоспарының бір бөлігі болып табылады.

«Қауымдастыққа кіру әртүрлі туристік ұйымдармен – ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Біз қалаға сапалы жаңа туристерді тартуға және ұстап қалуға ниеттіміз», - Алматының туристік ақпараттық орталығының директоры Едіге Марғұлан.

MICE-туризмі соңғы жылдары Қазақстандағы туризмнің басым түрі болып табылады. MICE-туризм нарығының әлемдік көлемі 7,5% жылдық өсіммен $725 млрд-қа бағаланады. Алматыда жылына 20 халықаралық деңгейдегі іскерлік іс-шара өткізу жоспарда бар.

Айта кетсек, ICCA мүшелері – 88 түрлі елдегі 950 қала. ICCA рейтингісіне сәйкес, Қазақстан MICE-туризм бойынша әлемде 79-шы орында (2020).


Соңғы жаңалықтар