Алматы қаласы бойынша ҰҚКД экс-басшысы 6 жылға сотталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот үкімімен М. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлімі бойынша 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылып, 6 жылға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, кеше Түрксіб ауданының сотында Алматы әуежайы желілік полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Талғат Тәліповқа қатысты сот үкімі шықан болатын.

Ол қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Судья сотталушыны 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан, сондай-ақ 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұдан бөлек ол полиция подполковнигі атағынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар