+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2019 жылғы 27 мамыр 12:42
Бөлісіңіз:
Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсел Жүнісова өз талап-тілегімен лауазымын босатып, оның орнына 34 жастағы Ілияс Өсеров келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ілияс Өсеров бұдан бұрын қаланың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарған еді.

Әсел Жүнісова бала күтіміне байланысты, аутизмі бар баланы тәрбиелеп жатқандықтан қызметінен кететінін мәлім етті. Ол әлеуметтік жобалармен айналысуды қолға алмақ.

Өз кезегінде Бауыржан Байбек Асел Жүнісованың кеңесшісі болып қала беретінін жария етті.

«Әсел Жүнісова үш жарым жыл орынбасарым болып қызмет етті. Мемлекеттік қызметте жүргеніне 10 жылдан асып кетті. Ол «Құрмет» орденімен марапатталған. Бірнеше тілді біледі. Зор тәжірибесі мен басқарушылық дағдысы бар. Шешімін құрметтеймін. Оның өз жоспары бар. Жеке іспен, әлеуметтік жобалармен айналысуды жөн көріп отыр. Сәттілік тілейік», - деді қала әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Әсел Жүнісова 2015 жылдың қазан айында қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. 2014 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың қаңтар айына дейін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратын басқарған. Бұған дейін әр жылдары партияның орталық аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары және ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Ал әкімнің жаңа орынбасары Ілияс Өсеров еңбек жолын Алматыда «Сбербанк» АҚ ЕБ несиелік әкімшілендіру бөлімінің несиелік әкімшісі болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің инвестициялық саясат департаменті қаржы секторын дамыту және сыртқы көмекті үйлестіру басқармасының сарапшысы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат департаменті инвестициялық саясат басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарған. Бас прокуратура жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс жүргізген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT