Алматы қалалық сотының төрағасы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық сотының төрағасы лауазымына Асқар Смайылов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Асқар Спартакұлы Смайылов ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттардың судьялары мен сот коллегияларының төрағаларын қызметінен босату және тағайындау туралы» 2020 жылдың 13 сәуіріндегі жарлығымен Асқар Смайылов Алматы қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды», - деді соттың баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Асқар Смайылов ҚР Жоғарғы сотының судьясы лауазымын атқарып келген.


Соңғы жаңалықтар