Алматы қалалық сотының ғимараты қоршалып, судьялар эвакуацияланды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судьялар мен қызметкерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық сот мәлім етті.

«Бүгін Алматы қалалық соты кіріс кеңсесінің поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жазылған хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимараты тексеріліп жатыр. Сондықтан, сот процестері кейінге шегерілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қалалық соттың ғимараты қоршауға алынып, судьялар эвакуацияланды.

Еске салсақ, мегаполистегі орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарылғыш зат қойылғаны туралы шұғыл ақпарат түскенн болатын.
Соңғы жаңалықтар