Алматы қалалық сот ғимаратының құрылысына 1 млрд теңге бөлінеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мәслихатының кезекті сессиясында қала бюджетін қайта қаралып, үнемделген қаражат маңызды бағыттарға қайта бөлінетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала аумағының абаттандырылуы мен көріктендірілуі азаматтар қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Осы мақсатта полиция мен қоғам арасындағы сенім мен байланысты нығайту үшін Полиция департаменті бөлшімшелерінің фронт-офистерін ашуға - 176 млн теңге, қалалық сот ғимаратының құрылысын жалғастыруға - 1 млрд теңге қарастырылмақ. Сонымен қатар, автобус жолағындағы жол ережесін бұзу фактілерін тіркеу үшін фотофиксация жүйесін жетілдіруге 105 млн теңге бағытталмақ», - деді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілияс Өсеров.

Биыл қаланы көріктендіруге 372,3 млн теңге жұмсалады. Оның ішінде Назарбаев даңғылының Райымбек даңғылынан Абай көшесіне дейінгі бөлігінде жаяу жүргінші аймағын аяқтауға 278,7 млн теңге, қала көшелерін тазалауға 69,6 млн теңге қарастырылады.

Осылайша Алматы бюджеті 537,5 млрд теңге болмақ. Оның ішінде нақты бюджет  - 434,6 млрд теңге.

Соңғы жаңалықтар