Алматы қалалық прокуратурасында тағайындаулар болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасының бұйрығымен Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып Нұрсұлтан Рақышев, Медеу ауданды прокуроры болып Асхат Жақыпов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрсұлтан Рақышев 1984 жылы туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана прокуратурасы басқармасынан бастаған.

Әр жылдары ҚР Бас прокуратурасының департамент бөлімінің прокуроры, басқарманың бас прокуроры, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі болып қызмет еткен.

2017 жылғы шілдеден бастап ҚР Бас прокуратурасының Ресей Федерациясындағы өкілі болған.

Жақыпов Асхат 1977 жылы туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары Медеу, Жетісу аудандары прокурорларының орынбасары болып қызмет еткен.

2018 жылдан бастап Алматы прокуратура басқармасының басшысы болып істеген.

Соңғы жаңалықтар