Алматы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алды деген күдікпен мегаполистің Мобильділік басқармасы басшысына қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пара алды деген күдікке ілінген Е.М. Әділовке қатысты сотқа дейінгі тергеу биылғы жылдың 16 ақпанында басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігімен іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғат Башев.

Еске салайық, өткен жылдың маусым айында қала әкімінің өкімімен Ерлан Әділов Алматы қалалық Мобильдік басқармасының бастығы болып т ағайындалды.

Ерлан Әділов 1976 жылы туған. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Көлік және құқықтану салалары бойынша екі жоғары білімі бар.

Көлік саласындағы қызметі Алматыдағы «№4 автобус паркі» ЖШС техника қауіпсіздігінің инженерінен басталды. Мемлекеттік қызметке 2007 жылы келді.

2008 жылдан бастап Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында көлік бөлімінің маманы болды. Аталған басқармада жұмыс атқарған жылдары мемлекетік қызметтің барлық сатыларынан өтті.


Соңғы жаңалықтар