Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің құрамы қайта жаңарады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің құрамы қайта жаңарады. Бұл туралы мәслихаттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін осыған орай кеңестің жұмыс тобы арнайы отырыс өткізді.

Жиын барысында жаңа құрамға енетін кандидаттардан құжат қабылдау уақыты мен үміткерлерге қойылатын талаптар белгілі болды.

Қоғамдық кеңес өкілі болғысы келетін азамат тиісті қағаздарды қалалық мәслихатқа, 6 сәуір мен 19 сәуір аралығында өткізе алады.

Осыдан кейін он жұмыс күн ішінде кандидаттарды сайлау жүргізіледі.

Кеңес құрамына 36 қоғам белсендісі және 3 мемлекеттік орған өкілі іріктеліп алынады.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар көрсетілген мерзім аралығында келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қоғамдық кеңестің құрамына өз кандидатурасын ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (болған жағдайда);

3) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) сотталмағаны туралы анықтама;

5) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Кандидаттар мынадай жағдайларда конкурсқа жіберілмейді:

1) құжаттар топтамасын уақтылы немесе толық ұсынбау;

2) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну;

3) «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңның 10-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар.

Қоғамдық кеңес құрамын азаматтық сектор, саяси партия өкілдерінен, кәсіподақтық, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлер, кәсіпкерлер мен заңгерлерден жасақталған жұмыс тобы анықтайды.

Кандидаттар толық ақпаратты «Алматы ақшамы» гезеті мен мәслихат сайтынан біле алады.


Соңғы жаңалықтар