+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің салықтық борыштарын кешіруді ұсынды

2014 жылғы 16 сәуір 16:28
Бөлісіңіз:
Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің салықтық борыштарын кешіруді ұсынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы Елбасының тапсырмасы аясында кәсіпкерлердің мемлекеттік бюджет алдындағы қордаланып қалған салықтық борыштарын кешіруді ұсынып отыр.

Палата өкілдерінің айтуынша, мұндай қадам шағын және орта бизнес субьектілерінің еркін дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде өзге деңгейдегі бюджетке салынатын салымның өсуін қамтамасыз етпек.

«Кәсіпкерлердің белгілі бір себептермен салық төлей алмай қалулары жиі кездесетін жағдай. Бұл қарыз жылдан жылға созылуы мүмкін. Біздің ойымызша, осындай кезде салық рақымшылығы мемлекет пен бизнестің қатынасын өзге форматқа көшіруге мүмкіндік береді», - деді Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерлан Стамбеков.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы 12 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы барысында Үкіметке табысты декларациялау алдында капитал рақымшылығын жүргізуді тапсырған болатын.

Сондай-ақ, Елбасы ҚР Ұлттық банкіне 2014 жылдың 1 маусымына дейін капитал рақымшылығы туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT