Алматы Италия елімен байланысты нығайта түспек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстандағы Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньянді қабылдады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі Алматы мен Италия арасындағы жоғары байланысты атап өтті.

«Алматыда 69 бірлескен және итальяндық капиталмен жұмыс істейтін 57 кәсіпорын бар. 2014 жылдың қаңтар, тамыз айларында екі қала арасындағы тауар айналымы 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті, сөйтіп 289,3 млн. АҚШ долларын құрады», - деді А.Есімов.

Қараша айында Италияның Экономика вице-министрінің басшылығымен итальяндық ірі компаниялар Астана мен Алматыға келуді жоспарлап отыр. Бұл сапар екі жақты байланысты одан әрі дамыта түседі деп санайды тараптар.

Соңғы жаңалықтар