Алматы іргесіндегі «Медеу» аспалы жол стансасы маңында қайғылы оқиға орын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы іргесіндегі «Медеу» аспалы жол стансасы маңында бір жас азамат шығыршықты коньки теуіп жүріп, мерт болды.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық ІІД растады.   

«Ол шығыршықты коньки теуіп жүріп, бетон бағанаға барып соғылған. Сөйтіп, алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды», - деді ішкі істер департаментіндегілер. 

«Шымбұлақ» таушаңғылы шипажайының әкімшілігі оқиғаның мән-жайын анықтап, редакцияға хабарлауға уәде берді. 

Соңғы жаңалықтар