Алматы іргесіндегі ірі өрттен жапа шеккен екі адам 35-40 пайыз күйікпен ауруханаға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы іргесіндегі Өтеген батыр ауылында алапат өрт орын алды. Төтенше жағдай салдарынан сол жерде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген 3 адам жапа шекті.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев хабарлады. Оның айтуынша, жеңіл жараланған 1 адам үйіне қайтарылса, қалған екеуінің денесінің 35-40 пайызын күйік шалған. Қазір олар ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жау 2000 шаршы метр аумақты шарпыған. Гидроизоляциялық материалдар шығаратын цех «Полпан» ЖШС-ына тиесілі екендігі белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар