Алматы іргесіндегі ауылда цех өртеніп жатыр (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы цех өртеніп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев хабарлады.

Оның айтуынша, өрт туралы хабарлама таңертеңгі 10:22-де түскен.

Өрт әлі толық өшірілген жоқ. Қазір оны сөндіруге 7 арнайы техника мен 35 адам жұмылдырылған. Алдын ала анықтау бойынша тілсіз жау 1800 шаршы метр аумақты шарпыған.

Төтенше жағдайға 3-деңгейлі күрделілік берілді.

Гидроизоляциялық материалдар шығаратын цех «Толпан» ЖШС-ына тиесілі екендігі белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар