Almaty Invest Forum аясында 2,3 млрд доллардың келісімшартына қол қойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Almaty Invest Forum аясында құны 2,3 млрд АҚШ доллары болатын 31 келісімшартқа қол қойылды. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, форум аясында қала дамуының басым бағыттары айқындалды.

«Бұл бізге халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Яғни, осы көрсетілетін қызметтерді экспортқа шығаруға болады. Бүгінгі жиынның нәтижесінде Алматының инвестициялық әлеуеті өте жоғары екендігін байқадық. Форум барысында бизнес қауымдастық пен әкімдік арасында құны 2,3 млрд АҚШ доллары болатын 31 құжатқа қол қойылды», - деді Спарабек Тұяқбаев.

Осындай ауқымды жобалардың бірі – әуежайды қайта жаңғырту болып отыр.

«Алматы әуежайын қайта жаңғыртуға әлемдегі ең ірі 6 компанияның бірі қызығушылық танытты. Алғашқы 2 жылда жаңа терминалды салуға - 150 млн еуро, 5 жылда 500 млн еуро инвестицияланады. Қала билігі инвестормен біріге отырып Алматыны туристік хабқа айналдыруды көздеп отыр. Біз осы жобаны ұзақ күттік. Жақында 2 жылда құрылыс жұмыстары басталады», - деді ол.

Айта кету керек, Almaty Invest Forum 700-ге жуық іскерлік өкілі, 142 шетелдік, 126 халықаралық компанияның өкілі қатысқан болатын.

Форумның басты мақсаты қаланың ивнестициялық тартымдылығын арттыру болып отыр.

Соңғы жаңалықтар