Алматы индустрияландыру картасына тағы 10 жоба енді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында индустрияландыру картасына жалпы құны 15,5 млрд. теңге болатын 10 жобаны енгізу туралы шешім шығарылды. Жаңа жобалар қалада қосымша 1100 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Осылайша, Индустрияландырудың 2015-2019 жылдарына арналған 2 бесжылдығының жоспарына сәйкес жалпы құны 95,6 млрд теңге болатын 39 жоба жүзеге асатын болады.

Қабылданған жаңа жобалардың 6-ы Түркісіб ауданында, 2-і Бостандық ауданында, 1-і Жетісу ауданында, 1-і Медеу ауданында жүзеге асатын болады.

Атап айтқанда, Түркісіб ауданындағы «Алматинский продукт» ЖШС халва жасау цехы кеңейтіліп, «Эфко Алматы» ЖШС соя мен күнбағыс майын өңдеу желісі салынады.

«Адал Плэнт» ЖШС өндірісі жаңғыртылып, «КЗТА-Казахстанский завод трубопроводной арматуры» ЖШС бекіту арматураларының өндірісі ашылады, «Интермультисервис» ЖШС картон шығару зауыты іске қосылады.

Айта кету керек, Түркісіб ауданында Индустрияландыру картасы аясында «Алтын диірмен» корпорациясы құрама жем кобинаты ашылды. Мұнды жылына 120 мың тонна өнім шығарылады.

2017 жылға дейін Бостандық ауданында «Сервис Безопасности Центр СИЗ» ЖШС-ындағы өртке қарсы құрам және өрт сөндіру құралдарының өндірісі жаңғыртылып, кеңейтіледі.

Ауданда жаңадан салынып жатқан «Элеко» ЖШС-ында ЕАЭО шеңберінде көліктерді сапалы навигациялық құралмен қамтуға мүмкіндік беретін өнім шығарылатын болады.

Жетісу ауданындағы «ПК КазСтройБлок» ЖШС 2016 жылдан бастап жұмысқа кіріседі. Онда сапалы құрылыс материалдары өндірілетін болады.

Медеу ауданындағы «Мембранные Технологии» ЖШС су тазалау құрылғыларын шығарумен айналысады. Жоба ауылшаруашылығы мен өндіріс нысандарын сумен қамту мәселесін шешуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар