Алматы индустрияландыру картасына құны 2,8 млрд теңге болатын 5 жаңа жоба енді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 23 ақпанда аймақтық үйлестіру кеңесі Алматы индустрияландыру картасына құны 2,8 млрд теңге болатын 5 жаңа жобаны енгізу туралы шешім шығарды. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Жаңа жобалар 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Салынатын инвестицияның 60%-ы отандық инвесторлардың өз қаржысы болып отыр.

Нәтижесінде 2015-2019 жылдардағы Алматы индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 120,3 млрд теңге болатын 55 жоба жүзеге асырылуы тиіс. Индустриялық жобалар 10 мың жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізбек.

Алдыңғы 5 жылдықпен салыстырғанда жобалар саны 2,5 есе, ашылатын жұмыс орны 3 есе артқан. Мақұлданған жобалар тағам, химия, ағаш өңдеу, жеңіл, құрылыс өнеркәсібі саласында жүзеге асырылмақ.

Атап айтсақ, «Казлегпром-Алматы» ЖШС итальяндық технология бойынша аяқ киім тігу фабрикасын салмақ. Нысан 2017 жылдың аяғында пайдалануға беріледі.

Мұнда жылына 180 мың жұп аяқ киім тігіледі. Сарапшылардың айтуынша, жаңа өндіріс орны аяқ киім импортының лайықты орнын басады.

Сондай-ақ, «Концерн Bakarassov» ЖШС лак-бояу материалдары өндірісін жаңғыртуды қолға алынады. Кәсіпорын гидроизоляциялық материалдар мен битум эмульсиясын шығару желісін ашуды жоспарлап отыр.

Индустрияландыру картасы аясында «Склад ОВ» ЖШС аллюминий радиаторлар зауыты жаңғыртылады, «Tellus Commerce» ЖШС сауда құрылғыларын өндіруді кеңейтеді, «Саввин» ЖШС наубайханасы жаңғыртудан өтеді.

Соңғы жаңалықтар