Алматы ІІД ҰОС ардагері З.Исмагиловты 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Ішкі Істер департаменті Ұлы Отан соғысының ардагері Зақуан Исмагиловты 90 жылдығымен салтанатты түрде құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Зақуан Исмагилов Ішкі Істер органдарында 30 жылдан астам еңбек еткен.

Ол құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күреске өзінің елеулі үлесін қосты.

Оның борышына адалдығына «Республиканың үздік тергеушісі», «КСРО еңбек сіңірген ІІМ қызметкері», «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік қызметі үшін» марапаттары куә бола алады.

«Құрметті демалыста болса да Зақуан Абдоллаұлы ардагерлер қозғалысына қатысып, үлкен еңбек тындырды. Оның ауыр соғыс жылдары туралы естеліктері ҚР ІІМ, Украинаның Александрия қаласы, Мәскеу музейлерінде, сонымен қатар, оның туған жері Башқұртстанда сақтаулы. Ол Елбасының оң бағасын алған татар мәдени орталығының негізін қалаушылардың бірі», - деді қалалық ІІД басшысының орынбасары Ержан Оразбеков.

Соңғы жаңалықтар