Алматы ІІД тері астындағы майды алдыртпақ болған 33 жастағы әйелдің қаза болғанын растады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ІІД липосакциядан 33 жастағы әйелдің қаза болғанын растады.

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқиға қаңтар айында Алмалы ауданындағы жекеменшік медициналық мекемелердің бірінде болған.

Мұнда 33 жастағы әйелге липосакция (тері астындағы майды хирургиялық жолмен алдыру) отасы жасалған.

«Қазір аталған дерек бойынша сот медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесі дайын болған соң, әрі әйелдің неден қаза болғаны белгілі болған соң  процессуалды шешім қабылданады», - деді С.Әзірбек.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қазақстанда осымен екінші әйел косметикалық шаралардың салдарынан көз жұмды. 

Оралда сән орталығында ерніне ботокс инесін салдырған 37 жастағы келіншек қайтыс болған болатын.

Сұлулық екпесін салған мәскеулік косметолог Эльвира Абдуллаева қазір 2 айға қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар