Алматы ІІД «Республика» және «Накануне.кз» порталдарында жалған ақпарат жариялау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ІІД тергеу басқармасы «Республика» және «Накануне.кз» порталдарының «Қазкоммерцбанк» АҚ қызметі және басқа да тұлғаларға қатысты жалған ақпарат жариялауы фактісі бойынша ҚР ҚК 274-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу бөлімі мақалаға тапсырыс беріп, оны жариялауға мұрындық болған тұлғаларды анықтады.

Аталған ақпарат құралдарына тапсырыс беруші ақшаны қолма-қол беріп отырған.

Қазіргі таңда қалалық полиция тергеу амалдарын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар