Алматы ІІД қызметкерлері спорт клубында орын алған жаппай төбелестің мән-жайларын анықтауға кірісті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы спорт клубында орын алған оқиғаның мән-жайларын анықтау үстінде, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ішкі істер департаментінің қызметкерлері өткен түнде ғаламторда жарияланған бейнежазбаны жан-жақты талдады. Аталған факті сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 293 бабының 2 бөлімімен (бұзақылық) енгізілген.

Бостандық ІІБ-ның қызметкерлері болған оқиғаның нақты жағдайларын анықтауға кірісті.

Бұған дейін ғаламторда спортшылардың қалыпты спаррингінің жаппай төбелеске айналып кеткені туралы видео жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар