Алматы ІІД: «102» операторлары қатаң бақылауға алынады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы полицейлері Жедел басқару орталығының жұмысын жандандыру үшін күш салуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД-нің Жедел басқару орталығында «102» операторларына бөлінген жұмыс орнының саны артқан. Мамандар Ақпараттық жүйелер орталығымен біріге отырып іріктеледі. Үміткерлер кәсіби біліктілік деңгейін көтеру үшін функционалды міндеттер мен қызметтік нұсқауларды білуі тиіс және тестілеуден өтеді. Сонан соң ғана арнайы комиссия шешімен жұмысқа қабылданады.

 «Біріншіден, Алматы әкімінің нұсқауымен ІІД-інде резервтер мен штаттар қайта қаралып, «102» операторларын көбейту шарасы қолға алынған. Екіншіден «102» операторы 12 сағаттық жұмыс кестесіне ауысты. Бірінші ауысым таңғы 08:00 - 20:00-ге дейін, екінші ауысым  кешкі 20:00 - 08:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ауысым қызметкері пульттен бір елі ажырамай отырады.  Үшіншіден «102» қызметін «Call center» "Coral FlexiCom R800 бағдарламаларымен қамтатамасыз ету жолға қойылған. Келіп түскен қоңырауларды онлайн режімде бақылап отыру; операторлардың қызмет көрсету сапасын, жауап берілмеген қоңыраулар мен кезекте тұрғандарының есебін көрсететін функция жұмыс істейді»,- деді Алматы ІІД Жедел басқару орталығының басшысы, полиция полковнигі Андрей Квашнин. 

«102» арнайы желісінің қоңырау шалушыларға қызмет көрсету сапасын бақылайтын стратегиялық талдау бар. Мониторинг «102» арнайы желісінің әр операторының атқарған жұмысын, қабылданған қоңыраулар мен күту режімінде қаншасы тұрғанын автоматты түрде  көрсетіп береді. Жедел басқару орталығының операция залына дисплей көмегімен енгізілетін есептер «102»  операторларын  қатаң бақылауға алады.

«Биыл 28 қыркүйек жағдайы бойынша қалалық  ЖБО «102» байланыс желісіне  568 мың 850 қоңырау түскен. Бұл өткен жылға қарағанда , 8,6% -ға көп. Алматы ІІД ЖБО -да бір оператор бір күнде  250 хабарлама алады. Демек «102» қызметі күні бойы 2 мың телефон қоңырауын қабылдайды. Талдауға сүйенсек, күн сайын сағат 15.00 мен 21.00 аралығы қарбалас сәт. Қоңырауды қабылдау мен ақпараттық іздестіру карточкасын толтыруға оператордың 2 минут уақыты кетеді. Алайда мұның өзі оқиғаға, хабарлаушының жағдайына, мекен-жайды анықтауына байланысты болады»,- деді полковник Квашнин.

Соңғы жаңалықтар