Алматы хосписінде 30 адам коронавирус жұқтырған: Тексеру басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Паллиативті көмек орталығында (хоспис) 30 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл оқиғаға байланысты эпидемиологиялық тексеру жүргізуде.

«Жаппай вирус жұқтыру дерегіне байланысты «Қалалық паллиативті көмек орталығы» МКК қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасымен біріге отырып қызметтік және эпидемиологиялық тексеруді бастады. Бүгінде ауырған адамдардың барлығында симптом жоқ. Жағдайлары қанағаттанарлық», - деді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар