Алматы хоккейшілері «Арлан» командасынан басым түсті

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының Halyk Arena көпфункционалды спорт кешенінде ерлер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының 4-туры өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

«Алматы» хоккей командасы өз аренасында кокшетаулық «Арлан» командасын қабылдады. Бірінші ойында алматылықтар тартысты кездесудің нәтижесінде қонақтарды буллит бойынша 3:2 есебімен жеңген болатын. Алаң иелерінің сапынан Александр Евграфов, Алексей Ефремов және Юлиан Попович көзге түсті.

Ал, екінші кездесуде қызыққа толы матч Рүстем Нефедов шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Александр Евграфов пен Сергей Демагиннің екі голына қарсыластар бес шайбамен жауап қайтарды. Есеп 2:5.

«Кеше біздің жеңіске деген құштарлығымыз көп болды. Жақсы ойын көрсеттік. Ал, бүгін, ойыншылар толыққанды қалпына келе алмай қателіктерге жол берді. Соның салдарынан көп гол жіберіп алдық», - деді «Алматы» ХК аға жаттықтырушысы Игорь Дорохин.

Айта кетсек, «Алматы» ХК келесі ойындарын өз алаңы Halyk Arena-да 27 және 28-ші қыркүйек күндері астаналық «Номад» клубына қарсы өткізеді.



Фото: shaiba.kz

Соңғы жаңалықтар