Алматы ХҚО-лары өткен жылы 2 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы өткен жылы ХҚО-лар арқылы - 2 665 567 мемлекеттік қызмет, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы - 1 376 486, мамандандырылған бөлім арқылы 945 433 қызмет көрсеткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Фарида Бокижанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 94%-ы «Электрондық үкімет» порталында онлайн түрде қолжетімді, 940 қызмет смартфон, 26 қызмет проактивті және 38 қызмет «Бейне ХҚО» форматы арқылы көрсетіледі. 2022 жылы жүзеге асырылған пилоттық жоба бойынша құжаттандыру саласында пилоттық жобалар жүзеге асырылды, мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша қағаз түбіртектерден бас тартты, - электрондық қосымшалар, SMS арқылы хабарламаларға қол қою арқылы қызметтер көрсету енгізілді, мобильді қосымшасы Мобильді ХҚО арқылы, бейнеқоңырау арқылы Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, мемлекеттік қызметтерді екінші деңгейлі банктердің – Kaspi Bagk, Халық банкі және Freedom Finance және де РАГС арқылы азаматтарды тіркеу және Көлік құралын тіркеу қызметін алу, Операциялық залдағы 183 жұмыс орнының 58 жұмыс орнын жылдамдық аймағында ұйымдастырды, Яндекс және My khat сервистері арқылы дайын құжаттарды жеткізу қызметі ұйымдастырылды», - деді Фарида Бокижанова.

Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ең танымал бес қызметіне тоқталды.

«Олар ЭЦҚ алу, көлік құралын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, әлеуметтік қызметтер, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және тіркеу болды», - деді спикер.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалында бүгінгі күні 13 фронт-офис, 4 мамандандырылған бөлім, 1 көші-қон бөлімі және 13 бэк-офис бар.


Соңғы жаңалықтар