Алматы хайуанаттар бағының ең қайырымды мекендеушілері анықталды (ФОТО, ВИДЕО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағының ең қайырымды мекендеушілері пілдер болып шықты. «Юннат» клубының жетекшісі Елена Ударцева жүргізген тәжірибе бойынша алдына әкелінген асқа тек пілдер ғана «алғыс» айта біледі екен.

Лао мен Аружан есімді пілдерді күтіп-баптайтын жұмысшылар Григорий Береснев пен Ерболат Жаманғалиев те алып жануарлардың үнемі осылай алғыс білдіретінін айтты.

Ал, өзгелері тістелеп, ала қашып, асқа бірден кірісіп кетеді екен. Олардың ішіндегі ең қаталы - жылан мен арыстан.

Осы тәжірибеден кейін мамандар пілдерге қосымша қойылтылған сүт қосылған нан беріп, өз ризалықтарын білдірді.

2
3
4
5

Соңғы жаңалықтар