Алматы хайуанаттар бағының бюджеті белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы хайуанаттар бағының басшылығы 2016 жылғы бюджет көлемін жариялады. Зообақ директоры Қанат Кәрімовтың айтуынша, биыл зообақтың дамуына қалалық әкімдіктен 350 млн теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, хайуанаттар бағы билет сатудан, аймақты жалға беруден 350 млн теңге табыс табуды жоспарлап отыр. Осылайша, зообақ бюджеті 700 млн теңге болмақ.

Бұл қаржыдан қызметкерлердің жалақысы беріледі. Жануарларға арналған жем-суы алынады. Коммуналдық қызмет ақысы төленеді. Ағымдағы жөндеу, аймақты көріктендіру бойынша жұмыс атқарылады.

Сондай-ақ, «Алматы хайуанаттар бағына көмек көрсету әлеуметтік қоры» зообақты қайта құру жобасын жасап, 483 млн теңге бөлуге уәде берген.

Оның 225 млн-і былтыр аударылды.

Соңғы жаңалықтар