Алматы хайуанаттар бағында қар барыстары қайта әкелінеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында қар барыстары қайта пайда болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихат барысында Қамқорлық кеңесінің төрағасы Райымбек Батталов айтты.

«Біздің қордың жұмысы бойынша қар барыстарына жағдай жасау үшін 70 млн теңге қарастырылған. Бұл қаржыға қар барыстарына арналған арнайы вольер салынып, жаңа барыстар сатылып алынады. Қар барыстары қаланың символы. Ол болуы керек», - деді Р.Батталов.

Айта кету керек, «Алматы хайуанаттар бағына көмек көрсету әлеуметтік қоры» 2015 жылы құрылған болатын. Аталған қор осы уақыт аралығында Алматы хайуанаттар бағын қайта жаңғырту бойынша мастер-план жасап жатыр.

Оған шетелдік сарапшылар тартылған. Жаңа жобаға сәйкес зообақта барыс, аю, қасқыр, пілдерге арналып жаңа орын салу, аквариумды қайта жөндеуден өткізу қолға алынбақ. 2015 жылы демеушілерден 225 млн теңге түскен.

Соңғы жаңалықтар