Алматы халықаралық қаржылық орталықтары индексі бойынша әлемде 58-орынға тұрақтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы халықаралық қаржы орталықтары индексі бойынша 58-орынға тұрақтап, әлемнің белгілі қалаларын артта қалдырды. Бұл туралы кеше қала әкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жиналыс барысында мәлім етті.

Наурызда жарияланған халықаралық есеп қорытындысы бойынша Қазақстанның оңтүстік астанасы Варшава, Копенгаген, Мадрид, Прага сынды қалалардан көш ілгері тұр. Ал Мәскеу қаласы 73- орынды қанағат тұтса, Санкт-Петербург 78-орынға жайғасты.

Сонымен қатар, қала басшысы Ахметжан Есімов қалада барлық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсу байқалатындығын атап өтті.

«Соңғы 5 жылда жалпы аймақтық өнім 2 есеге өсіп, 2013 жылда 6,4 трлн. теңгені құрап отыр, ал жалпы бір адамға шаққанда 27 мың АҚШ доллары. Былтыр мемлекет қазынасына 1 трлн. 368 млрд. доллар көлемінде салық түсімдері түскен. Яғни, 2012 жылмен салыстырғанда 13%-ға өсіп отыр. Биылғы жылдың 2 айында өнеркәсіп, транспорт, байланыс, сауда, қызмет көрсету салаларында да тұрақты түрде даму байқалады», - деп атап өтті шаһар басшысы.

Соңғы жаңалықтар